Кәрім Мәсімов Ақмола облысының жастарымен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.08.2016 19:20 Фото: zakon.kz
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «№2 индустриалдық-техникалық колледж» КММ-інде жастармен кездесіп, жұмыспен қамту мәселелерін талқылады.

Оқу орны 1979 жылы ашылған. 2013 жылдан бастап колледж «Степногор ЕПК» АҚ-ымен бірігіп дуальді оқыту бойынша тәжірибе түрінде жұмыс істеп келеді. Оқу орнында токарлық іс және металл өңдеу мамандықтары бойынша білікті жастар, өнеркәсіптегі элеткромеханикалық жабдықтар бойынша кәсіби мамандар даярланады. Ал 2015 жылдан бастап машинажасау технологиясы мамандығы бойынша оқытады. Бұл туралы , Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

К.Мәсімов колледждің оқу корпусын аралады. Білім мекемесінің директоры Е.Крайнева оны ИИД МБ үшін кадрлар даярлаудың оқу үрдісімен таныстырды. Бұдан соң Премьер-Министр қала жастарымен кездесіп, өзекті мәселелерді, атап айтқанда, жұмыспен қамту бойынша мәселелерді дөңгелек үстел басында талқылады.

Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелердің қатарында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жіберілген жас мамандар үшін көтерме ақы көлемін арттыру, жоғары сынып оқушылары үшін демалыс уақытында уақытша еңбекпен қамту бағдарламасын енгізу, жастар кәсіпкерлігін ұйымдастырып, қолдау, құрылыс жасақтары тәрізді жұмысқа орналастыру түрілерін қолдау және т.б. мәселелер болды.

К.Мәсімов «Жастар іс-тәжірибесі», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламалары арқылы Үкіметтің жас мамандарды еңбекке орналастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар саясаты мәселелері Қазақстан Үкіметінің ерекше бақылауында. Премьер-Министр Жамбыл облысында тамыз айының соңында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізуді жоспарлауда екенін айтты.

Анықтама үшін:

Қазақстанда 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар ел халқының жалпы санынан 24,1% немесе 4 млн 206 мың адамды құрайды. Оның ішінде 2,5 млн жас халықтың экономикалық белсенді бөлігіне жатады, яғни ел экономикасында қамтылған деп саналады.

Жастарды еңбекке орналастыруға Үкімет «Жастар іс-тәжірибесі», «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға», «Серпін-2050», сондай-ақ «Жасыл ел» бағдарламалары арқылы ықпалын тигізеді.

Биылғы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 78,4 мың адам қамтылған, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар – 36,2 мың, бұл 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13 мың адамға (2015 жылы – 23,2 мың жас (41,8%) көп.

Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар іс-тәжірибесіне 13,2 мыңнан астам жас жіберілген (2015 жылы – 7 мың жас).

Фото: Pm.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: