Қазақстанның теңізшілері «Теңіз кубогы – 2016» байқауы шеңберінде үздік атанды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.08.2016 23:09 Zakon.kz
Кезеңнің шарттары бойынша 5 қатысушыдан құралған команда құтқару комбинезондарын киіп, суға секіреді.

Каспийде өтіп жатқан жауынгерлік корабльдердің экипаждары арасындағы теңіз машығы бойынша «Теңіз кубогы – 2016» халықаралық байқауының үшінші кезеңін өткізу барысында Ресей, Қазақстан және Әзірбайжаннан келген қатысушылар 2016 жылы конкурс бағдарламасына енгізілген «Құтқару даярлығы» жаңа кезеңінде бақ сынасты, деп жазады zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Төрешілердің алдын ала бағасы бойынша бірінші кезеңде Ресей ӘТФ мен Қазақстан ӘТК әскери теңізшілері бірінші орынды өзара бөлісті. Байқаудың алты күнінен кейінгі қорытынды нәтиже және командалардың орындарының бөлінуі фото және бейне фиксация материалдарын қарап шыққаннан кейін төрешілермен анықталады. Осы кезеңнің шарттары бойынша 5 қатысушыдан құралған команда құтқару комбинезондарын киіп, суға секіреді. Құтқару салына 30 метр жүзіп өтеді, оған отыруды жүзеге асырады және қолда бар ескектердің көмегімен мәре сызығына қарай салда ілгерілейді.

Төрешілер алқасы әрбір эпизодтың орындалу уақыты мен қашықтықты өтудің жалпы уақытын бағалады. Алда корабль экипаждарын байқаудың ақтық кезеңі күтіп тұр. Теңіз практикасы кезеңінде берілген нүктеге штурманның курсқа қатысушы корабльдің төсеу дәлдігі, корабльді зәкірге және «бөшке» арқандап байлау құрылғысын қою және алып тастау кезінде арқандап байлау командаларының жұмыс үйлесімділігі бағаланатын болады. Жалпы қорытынды мен «Теңіз кубогы – 2016» халықаралық байқауының жеңімпаздары конкурстың барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін төрешілер алқасымен шығарылады.

Фото: www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: