БҚО-да 372 отбасы Бестау мен Березовка ауылдарынан көшіріледі

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.08.2016 19:18 Zakon.kz
ҚПО-дан атап өткендей, қазіргі таңда Березовка мен Бестау ауылдарының халқын көшіру жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр.

Батыс Қазақстан облысында Бестау мен Березовка ауылдарында тұратын 372 отбасы жаңа мекенге қоныс аударады, деп хабарлайды BNews.kz. Бұл туралы «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» (ҚПО) шетелдік консорциум басшылығынан мәлімдеді.

ҚПО-дан атап өткендей, қазіргі таңда Березовка мен Бестау ауылдарының халқын көшіру жобасының екінші кезеңі жүзеге асырылып жатыр.

«Ақсай қаласында «Қарашығанақ-1» шағын ауданында екі көп пәтерлі үй, ал «Аралтал» шағын ауданында қора-қопсысы бар жүз баспана салынып жатыр. Жаңа тұрғын үйге газ, электр энергиясы, су тартылады. Жол төселеді, «Қарашығанақта» балабақша бой көтерсе, «Аралталда» мектеп салынады», - деп атап өтті ҚПО бас директорының орынбасары Марат Кәрімов.

Қазір компания Батыс Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатыр.

«Бүгінгі таңда осы мақсаттарға бағытталған инвестицияның жалпы көлемі 300 млн доллардан асты. Жыл сайын әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 20 млн доллар қарастырылады. 2014-2016 жылдар аралығында Бөрлі ауданында осыған ұқсас жобаларды жүзеге асыруға жылына қосымша 10 млн доллар бөлінді», - деп мәлім етті ҚПО бас директоры Ренато Мароли.

Естеріңізге салып өтсек, 2014 жылы қараша айының соңында Березовка ауылында мектеп оқушылары жаппай уланды. Балалардың жүрегі айнып, басы айналған. Тұрғындардың дені мұны Қарашығанақ мұнай-газ кен орнынан ауаға тарайтын зиянды қалдықтармен байланыстырды.

Осы оқиғадан кейін Березовка мен Бестау ауылдарының тұрғындарын Бөрлі ауданының Аралтал ауылы мен Ақсай қаласына қоныстандыру туралы шешім қабылданды.

Фото:ibirzha.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: