ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің құрылғанына 18 жыл толды
Zakon.kz
Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері бүгінде өздерінің 18 жылдық кәсіби төлмерекелерін атап өтуде. Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін ірі тактикалық оқу-жаттығуларда, практикалық сабақтар мен мемлекеттік ауқымдағы өзге де іс-шараларда бірнеше рет паш етті, деп жазады ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.
Биылғы жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-әуе күштері «Airbus Military» еуропалық авиациялық концернінің тағы да бір С-295 ұшағымен толықты. 2018 жылдың соңына дейін ӘҚК Әскери-әуе күштерінің авиапаркі сегіз С-295 ұшағымен толығуы тиіс. Одан басқа, Әскери-әуе күштеріміздің жарақтандыруында МиГ-31 тосқауылдаушы жойғыштары, МиГ-29, Су-25, Су-27, Су-30 СМ көп нысаналы жойғыштары, С-295 әскери-көлік ұшақтары, Ми-8, Ми-17, Ми-171Ш, Ми-26, әскери-көлік тікұшақтары, «Еурокоптер ЕС-145» және «Хьюи-2» тікұшақтары бар.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамалары мен бөлімдері заманауи ұшақтарды, стратегиялық қанатты зымырандарды, барынша қашықтықтарда қарсыластың әуе шабуылының тактикалық және өзге де құралдарын жоюға қабілетті қуатты және заманауи С-200 ЗЗК және С-300 зениттік-зымыран кешендерімен жабдықталған.
ӘҚК-де жауынгерлік кезекшілікті ӘӘК-нің дайындалған жоғары білікті авиациялық мамандары, ӘШҚҚ әскерлерінің радиотехникалық және зениттік- зымыран есептоптары атқарады. Әуе қорғанысы күштерінің құрамына Әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әуе қозғалысын басқару органдары кіретінін айта кетейік.
Фото: www.mod.gov.kz