Шымкентте жұмыссыз азаматтың өзіне қол жұмсауы бойынша іс қозғалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.08.2016 16:30 Zakon.kz
Жәбірленушінің жеке басына тексеру жүргізген тәртіп сақшылары оның 1967 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз азамат екенін анықтады. Соңында әйелі және үш баласы қалды.

Шымкентте жұмыссыз азаматтың өзіне-өзі қол жұмсауы бойынша қылмысты іс қозғалды. Еске салайық, 17 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Әл Фараби полиция бөліміне бір кісінің асулы тұрған өлі денесі табылғаны туралы хабарлама түсті, деп жазады otyrar.kz.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер қаладағы шағын саябақтардың бірінің маңындағы жол шетіндегі қоршауға асулы тұрған бейтаныс азаматтың денесін анықтады. Денесін қарау барысында ешқандай қинау немесе ұрып-соғу белгілері анықталмаған.

Жәбірленушінің жеке басына тексеру жүргізген тәртіп сақшылары оның 1967 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны, жұмыссыз азамат екенін анықтады. Соңында әйелі және үш баласы қалды.

Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Фото: gomel.today

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: