Шымкентте өзін-өзі «ұрлаған» жігіт ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.08.2016 18:19 Zakon.kz
Ол жігіт достарының көмегімен өзін-өзі «ұрлаған» болып шықты. Тергеушілерге ұсталған жігіт бұл әрекетін өзінің қарыздарын қайтармау үшін жасағанын айтып берді.

Оңтүстіктің полицейлері «жәбірленушінің» өзі ұйымдастарған адам ұрлау фактісін ашты. Бұл туралы otyrar.kz, ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бәйдібек ауданында мал ұрылары ұсталдыОқиға былай болған. 14 тамыз күні Қаратау полиция бөліміне жергілікті азаматша шағымданып келді. 46 жастағы әйелдің айтуынша, Сайрам ауылында 23 жастағы ұлын белгісіз тұлғалар «ВАЗ» автокөлігіне отырғызып, алып кетіпті.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Қаратау полиция бөлімі қызметкерлерінің бірлесе жүргізген жедел іздестіру іс-шараларының екінші тәулігінде жоғалған жігіт Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды.

Сөйтсе, ол жігіт достарының көмегімен өзін-өзі «ұрлаған» болып шықты. Тергеушілерге ұсталған жігіт бұл әрекетін өзінің қарыздарын қайтармау үшін жасағанын айтып берді.

Қазір осы факті бойынша қылмысты кодекстің 419-бабы (көрінеу жалған сөз жеткізу) бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Фото: otyrar.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: