ОҚО-да күзгі дала жұмыстарын жүргізуге жанармай таратылу жалғасуда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 21.07.2016 22:26 Zakon.kz
Операторларды айқындау бойынша арнайы комиссия құрылған.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін мемлекет тарапынан жеңілдетілген жанармаймен қамтамасыз ету мақсатында 17 оператор анықталып, бекітілді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Операторларды айқындау бойынша арнайы комиссия құрылған. Комиссия операторларды аудандарға жанармай сақтау базалары жақын орналасуы және жанармай құю бекеттерінің бар болуын қарап, таңдау жасады.

Осылайша Арыс қаласына – «Нұр АСУ-Юг» ЖШС, Бәйдібек ауданына – «Майсс» ЖШС, Қазығұрт ауданына – «Oskar Company Oil» ЖШС және «STANDARD Oil PETROLEUM» ЖШС, Мақтарал ауданына – «ОРК САБИ» ЖШС және «Ауезов» ЖК, Ордабасы ауданына – «ИКСАН» ЖШС, Отырар ауданына – «Center Oil Corporation» ЖШС, Сайрам ауданына – «SAYRAN group» ЖШС, Сарыағаш ауданына – «Жан Ойл Продакс» ЖШС, Созақ ауданына – «Бибо & Company» ЖШС, Төлеби ауданына – «Ұлы-Орда» ЖШС, Түлкібас ауданына – «SANALI group» ЖШС, Шардара ауданына – «Жұмабек» ЖК, Түркістан қаласына – «Мунай Инвестмент Груп» ЖШС, Шымкент қаласына – «Шымкент Мұнай Өнімдері» ЖШС және Кентау қаласына - «Универсал РК» ЖШС бекітілді.

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге облысқа 39,0 мың тонна жанармай (шілде-13,0 мың тн, тамыз-12,0 мың тн, қыркүйек-14,0 мың тн.) бөлінді. Бұл облыс қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге жетеді.

Шаруаларға жанармайға қатысты сұрақтармен мына нөмірге байланысуға болады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы: 8(7252) 29-00-22; 8 701 270 48 58.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: