ОҚО ескекшілері әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.08.2016 17:07 Zakon.kz
Белоруссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгілер арасында өткен Әлем чемпионатында осылайша, Оңтүстіктің қоржынына екі бірдей медаль салынды.

Оңтүстіктің ескекшілері тағы да ерледі. Бұл жолы ағайынды Сергей мен Тимофей Емельяновтар екілік каноэда 1000 метрге жарысып, алтыннан алқа тақты. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Белоруссияның астанасы Минск қаласында 23 жасқа дейінгілер арасында өткен Әлем чемпионатында осылайша, Оңтүстіктің қоржынына екі бірдей медаль салынды. Оның бірі осы алтын болса, екіншісі – қола медальді жеке каноэда 200 метрге ескек есуде Сергей Емельянов алды.

Әлем чемпионатындағы екінші орынды румындықтар еншілесе, украиналық спортшылар алғашқы үштікті қорытындылады.

Бұл спорт түрі ерекше қырағылық пен күшті талап етеді. Яғни ескекшілер қайықта қозғалыс бағытына арқасымен отырады және жылдамдықты үдету үшін барынша шапшаң еседі. Жарыстар өзендер мен көлдерде әртүрлі арақашықтықта өткізіледі. Есуден олимпиада жарыстары 2 шақырым (1,4 миль) тіке арақашықта өткізіледі.

Арақашықтық жолдарға бөлінген және әр қайық өз жолымен қозғалуға тиіс. Жарыстың басында қайықтар понтондар деп аталатын кішкентай пирстардың жанындағы сызыққа қатарласады. Мәре сызығын бірінші болып қиып өткен қайық ұтқан болып саналады

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: