Тараздық жас балуан Халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.05.2016 17:57 Zakon.kz
Германияның Бремен қаласында 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы дзюдодан өткен халықаралық жарыста Б. Шаймерденов жарыс жолында Франция, Өзбекстан, Жапония спортшыларынан басым түсті.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Бекәділ Шаймерденов «International Masters Bremen» атты жасөспірімдер арасындағы дзюдодан XXXI Халықаралық турнирде 73 келі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы zakon.kz, ТарМПИ Ақпараттық-имидждік қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Балғын балуан финалда жапондық қарсыласынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Байрақты бәсекеге аталған салмақ дәрежесі бойынша 23 мемлекеттің 90-нан астам саңлақтары қатысқан. «Бекәділ үшін спорттың осы түрінің келешегі зор. Ол жастығына қарамай көптеген белесті бағындырып үлгерді. Алдағы уақытта да талай қарсыласын шаң қаптыратынына сенімдімін. Өйткені, ол өте еңбекқор және төзімді. Аталмыш қасиеттер спортта көп нәрсеге қол жеткізуге зор мүмкіндік береді», дейді бапкері Рахымжан Қожатаев.

Айта кетейік, Германияның Бремен қаласында 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы дзюдодан өткен халықаралық жарыста Б. Шаймерденов жарыс жолында Франция, Өзбекстан, Жапония спортшыларынан басым түсті. Балғын спортшы бұған дейін спорттық және әскери самбодан жастар арасында өткен ашық Азия чемпионатында, дзюдо күресінен жастар арасында өткен ел біріншілігінде чемпион атанған болатын.


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: