ОҚО мен Аустрияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы беки түспек

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.08.2016 16:05 Zakon.kz
«Villacherkirchtag» фестивалі шеңберінде ОҚО өнер майталмандары аустриялық көрермен назарына қазақтың мәдени құндылықтарын паш етуде.

Оңтүстікқазақстандық делегацияның Аустрияға іс-сапары аясында Каринтия федералды аймағы Үкіметінің басшысы Питер Кайзер ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Тараптар негізінен баламалы энергия көздері және туризм салаларын дамыту мәселелерін талқылады, сондай-ақ, құрылыс және ауыл шаруашылығы тақырыптары да күн тәртібінен тыс қалған жоқ. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте, Каринтия Үкіметінің үлкен жоспарын айта кеткен жөн. Мәселен, аймақ басшылары 2035 жылға дейін дәстүрлі энергия көздерінен бас тартып, толық «жасыл» энергия көздеріне өтуді көздеуде.

Бас қосу соңында тараптар өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Д.Сатыбалды Питер Кайзер мырзаға екі-жақты ынтымақтастықты дамыту бойынша меморандум түзуге ниетті екенін жеткізсе, Каринт ия басшысы, өз кезегінде, аталған құжаттың тиісті заңнамалық процедураларын жақын арада өткізіп, бекітуге жіберетініне сөз берді. Сондай-ақ, П.Кайзер мырза ОҚО әкімі Б.Атамқұловты Фельден қаласында 29 қыркүйекте өтетін Халықаралық экономикалық форумның құрметті қонағы болуға шақырды.

Естеріңізге сала кетсек, ОҚО делегациясының Аустрияға іс-сапары осы жылдың 1 тамызында басталды. Осы уақыт аралығында, делегация Каринтия және Штирия федеральды аймақтарының өнеркәсіп, туризм және әлеуметтік нысандарын аралады. Сонымен қатар, облыстың инвестициялық және туристік мүмкіндіктерін дамыту мақсатында аталған өңірлердің әлеуетті инвесторлары және саяси белсенділерімен кездесті.

Бұдан бөлек, Аустрияда «Оңтүстік» көркем сурет көрмесі өткізілді. Сондай-ақ, «Villacherkirchtag» фестивалі шеңберінде ОҚО өнер майталмандары аустриялық көрермен назарына қазақтың мәдени құндылықтарын паш етуде.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: