Кентауда ауылдардың ажары арта түсуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 08.08.2016 22:13 Zakon.kz
Қалаға қарасты үшінші ауыл - Қарнақ өңірінде 50 жылдан астам уақыт тас жолда жүрген ауыл тұрғындары енді тегіс асфальттелген жолда қатынауды бастады.

Биылғы жыл Кентау қаласы үшін ауқымды жұмыстар жылы болуда. Мәселен, Кентау қаласы мен шаһарға қарасты ауылдарда білім саласының мекемелері толықтай жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әсіресе, ондағы Ащысай ауылының екі бірдей білім ошағы, мәдениет сарайы және спорт ғимараты толықтай жөнделіп, саябақтар ретке келтірілсе, қаншама жылдан бері жөндеу жұмысын көрмеген көшелерге асфальт төселді. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Ал Хантағы ауылының қос мектебіне құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жаңару үстінде. Мұнан бөлек, аталған ауылдың екі бірдей көшесіне асфальт төселіп, үш көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып жатыр.

Қалаға қарасты үшінші ауыл - Қарнақ өңірінде 50 жылдан астам уақыт тас жолда жүрген ауыл тұрғындары енді тегіс асфальттелген жолда қатынауды бастады.

Сонымен қатар, Кентаудың Байылдыр ауылында да жаңа оқу жылында жаңа мектептің есігі айқара ашылмақ.

Аталмыш игі істер мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асып, шалғай ауылдарға шарапаты тиюде.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: