Мемлекет пайдасына сомаларды өндіру бойынша күштер біріктірілді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.08.2016 22:39 Zakon.kz
2016 жылдың басынан облыстың сот орындаушыларымен 51 676 атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет пайдасына жалпы 814,241 млн. теңге өндірілген.

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы сот және өзге де уәкілетті органдардың актілерін орындау жүйесін жетілдіру мақсатында, Ішкі істер департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы арасында үш жақты Меморандумдардың жасалуы мен оларға қол қою ұйымдастырылған. Бұл туралы , ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Құжаттар аясында ақпаратпен алмасу, бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастыру, мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұлдар және басқа да төлемдер бойынша борышкерлерді анықтау, ол үшін арнайы техникалық құралдарды пайдалану, борышкерлердің автокөліктеріне тыйым салу және оларды айып тұрағына орналастыру, борышкерлерге берілген жүргізуші куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру бойынша өзара іс-қимыл жасау мәселелері реттелді.

2016 жылдың басынан облыстың сот орындаушыларымен 51 676 атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет пайдасына жалпы 814,241 млн. теңге өндірілген.

Меморандумдарда көзделген шарттарды іске асыру нәтижесінде осы бағыттағы жұмыстың тиімділігінің артылуы күтілуде.

Айта кету керек,өңірде заң мен заңға еңгізілген өзгерістер жайында жергілікті халыққа түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: