Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді - ҚР ДСӘДМ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.08.2016 18:24 Zakon.kz
Ауруды жұқтырмас үшін жеке гигиена тәртіптерін сақтап, тек тазартылған су ішу керек.

Қазақстанда соңғы 25 жыл ішінде іш сүзегімен сырқаттану 356 есеге төмендеді (1991 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 356 жағдайдан 2015 жылғы 1 жағдайға дейін). Іш сүзегі – аш ішектің лимфа жүйесі зақымданып, шырышты қабықшасында жара пайда болатын, жалпы уланудың қайталануымен сипатталатын сальмонелла бактериясының (Salmonella Typhi) түрінен болатын инфекциялық ауру. Ол қоздырғыш ауыз және нәжіс қуысы арқылы, сонымен қатар инфекциясы бар су, тағамдарды қолдану арқылы таралады. Тұрмыстық жағдайда жұқтыру өте сирек, көбінесе балалар арасында кездеседі. Бұл туралы, Pm.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп хабарлайды.

Әдетте инкубациялық кезең 9-14 күнге созылады (минималды түрде 7 күн, максималды – 25 күн), ол ағзаға түскен микробтардың санына байланысты.

Іш сүзегінің ең қауіпті асқынулары – ішектен қан кету, перфоративті перитонит және өлімге әкелетін инфекциялық-уланудан болатын есеңгіреу болып табылады.

Ауруды жұқтырмас үшін жеке гигиена тәртіптерін сақтап, тек тазартылған су ішу керек.

Сондай-ақ, ауру профилактикасының бір тәсілі – тұрғындардың декреттелген тобын (кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері) иммундау болып табылады. Іш сүзегі ошағындағы шұғыл профилактика эпидемиологиялық жағдайға байланысты жүргізіледі. Ауруды жұқтырған адамдарға брюшнотифозды бактериофаг беріледі, зарарсыздандыру шаралары іске асырылады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде мәлімдегендей, іш сүзегімен сырқаттану деңгейін төмендету су сапасының жақсаруы, азаматтардың санитарлық сауаттылығының артуы және декреттелген контингентті иммундаудың нәтижесінде (кәріз және тазалау құрылыстарының қызметкерлері) мүмкін болды.

Фото: www.era-soap.com

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: