ОҚО-да тамыз кеңесі өтті

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.08.2016 16:03 Zakon.kz
Өткен оқу жылында облыста 584 мыңнан аса оқушы білім алса, 2016-2017 жаңа оқу жылында 611 мың оқушы білім алады деп күтілуде.

«Биылғы оқу жылы – Тәуелсіздігіміздің 25-жылдық мерейтойына тұспа-тұс келіп отыр. Демек, биылғы оқу жылы да ерекше, жемісті болуы тиіс. Бұл туралы өңір басшысы Б.Атамқұловтың қатысуымен өткен «Білімді ел-мәңгі ел» тақырыбындағы облыстық тамыз педагогикалық кеңесінде айтылды. Конференция барысында жаңа 2016-2017 оқу жылына қойылған міндеттер мен мақсаттар баяндалды. Бұл туралы zakon.kz, ОҚО әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Айта кетейік, өткен оқу жылында облысымызда 584 мыңнан аса оқушы білім алса, ал 2016-2017 жаңа оқу жылында 611 мың оқушы білім алады деп күтілуде. Биылғы жылы облыста Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 мектептің есігі оқушылардың алдында ашылатынын мәлімдеген өңір басшысы 2016-2019 жылдар аралығында 177 мектепке дейінгі білім ұйымдарын ашу жоспарда екенін айтып өтті. Педагогтар кеңесі кезінде білім саласында үздік жетістіктерге жетіп, біліктілігімен ерекшеленген Мұстафаева Жанар Азаматқызы, Тургунова Муккарам Толяшқызына 2 бөлмелі, ал Баймаханов Бағлан Сансызбайұлына 3 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. Сондай-ақ бірқатар ұстаздар министрліктің және облыс әкімінің алғыс хатымен және «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төс белгісімен марапатталды.

Фото: ontustik.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: