Павлодарда қарияны қағып кеткен жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 01.09.2016 23:33 Zakon.kz
Түрлі дене жарақаттарын алған 75 жастағы қария ауруханаға жеткізілген.

Павлодарда «ВАЗ» маркалы көлігі 75 жастағы әйеді қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Оқиға 25 тамыз күні сағат 21.00 шамасында «Дачный» шағын ауданда орын алған. 20 жастағы ер адам көліктердің жүруіне арналған жолды кесіп өтпек болған әйелді қағып кетті. Салдарынан түрлі дене жарақаттарын алған 75 жастағы қария ауруханаға жеткізілген. Бірақ, тілге келмей, көз жұмған.

- Орын алған жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР Қылмыстык Кодексі 345 бабының 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,-делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. Рөлде болған азамат бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айгерім Жанкашова

Фото: Рavlodarnews.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: