250-ден аса адам келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге жолданды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 05.09.2016 17:48 Zakon.kz
Алматының ЖӘБО жанындағы жұмысқа алу пункттеріне қазақстандық армия қатарын толықтырғысы келетін азаматтар көптеп келуде.

Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарымен келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күні Алматы өңірлік гарнизонының әскери бөлімдері жанында сарбаздар және сержанттар құрамында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін 250-ден аса адам жолданып, қабылданды. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Алматының ЖӘБО жанындағы жұмысқа алу пункттеріне қазақстандық армия қатарын толықтырғысы келетін азаматтар көптеп келуде. Келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасатын адамдарда ҚР азаматтығы, курсанттар мен өзге де әскери қызметшілер санатын есептемегенде, 19 жастан кіші болмауы, әскери-есепке алу мамандығы болуы, мерзімді әскери қызметті өтеуі немесе әйелдерді қоспағанда әскери-оқытылған резервті даярлау жөніндегі ЖОО-ның әскери кафедрасында яки Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери дайындықтан өтуі тиіс. ҚР ҚК-дегі қызмет әскери қызметші мен оның отбасы мүшелеріне арналған тегін медициналық қызмет көрсету, тұрақты ақшалай үлес (оның ішінде, отбасы мүшелерінің санына байланысты тұрғын үйді жалға алғаны үшін төленетін үстемақы), мансаптық өсу сияқты толық әлеуметтік қорғауда болу мүмкіндігін беретінін айта кетейік.

Фото: www.mod.gov.kz

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: