Лента новостей
0

Түлкібаста демалыс-емдеу орталығы ашылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.10.2016 19:55 Zakon.kz
Орталықта емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда жаныңызға шипа болатын сауна, массаж бөлмесі, жаттықтыру залы бар.
Елбасы Н.Назарбаевтың әрбір өңірдің өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына орай, тау бөктерінде орын тепкен, дәрілік шөбі көп Кемербастау ауылында демалыс-емдеу орталығы ашылды. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тамаша табиғат аясындағы орталықта саумал ішіп, таза ауада атқа мініп серуендеуге жағдай жасалған. Мұнда 244 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. 32 адам жаңа жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс жұмыстарына кәсіпкер 52 млн қаржы жұмсаған.

Орталықта емделушілер үшін барлық жағдай жасалған. Мұнда жаныңызға шипа болатын сауна, массаж бөлмесі, жаттықтыру залы бар. Суықпен емдеу де жолға қойылған. Осылайша сауықтыру орталығында дертіңізге ем, жаныңызға шипа таба аласыз. Тек сүйек-буын ауруларын емдеп қана қоймай, қын қысымын қалпына келтіруге де болады.

Тірек-қимылдары жүйесі ауруларына арналған аппарат — өзекті мәселердің бірі. Оны табу, қолдану оңай шаруа емес. Дегенмен, түрлі жарақаттарды айтпағанда, тізе-шынтақ ауруларын емдеп, бел омыртқа ауруларына таптырмас ем. Ал мұндай ем-домды дәрігерлер емдеу орталығында мүлтіксіз атқарады.

Осылайша, таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас өңірінде бүгінде бірнеше емдеу, сауықтыру орталықтары орналасып, жыл сайын сауықтыру орталықтарына келушілер саны артуда.

Фото: ontustik.gov.kz

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: