Петропавлда көктайғақтан 500-ге жуық адам ауруханаға түскен

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.11.2016 15:37 Zakon.kz
Қазір коммуналдық сала мамандары дамылсыз жұмыс істеп, мұз үстіне тұз аралас құм сеуіп жатыр.
Петропавл қаласында тұрғындардың көктайғақта құлап мертігу жағдайы жиілеп кетті, деп жазады «Хабар 24» арнасы.

Тек бір аптаның ішінде ауруханаға түрлі жарақатпен 500-ге жуық адам түскен. Оның 150-і - бала. Қазір коммуналдық сала мамандары дамылсыз жұмыс істеп, мұз үстіне тұз аралас құм сеуіп жатыр. Ал синоптиктердің болжауынша, сынап бағанасы 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

«Аяқ-қолдары сынған. Қазір рентген снимоктар істейміз, қараймыз, операция істейміз. Алдын ала анестезиолог қарайды. Наркоз бергенше, содан кейін операция жасалады. Күніне 5-6 адамға операция істейміз», - дейді травматолог-ортопед дәрігер Вали Бедешев.

Фото: zhzh.info


Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: