Лента новостей
0

Оңтүстік Қазақстан облысында тұрақтандыру қорының тауарлары саудалануда

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.11.2016 16:32 Zakon.kz
Шымкентте сенбі күні жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі «Қажымұқан» стадионында ал, жексенбі күні Арғынбеков көшесі, «Рахима Плаза» ойын-сауық кешенінде өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының тұрақтандыру қорындағы азық-түліктер Шымкент қаласында сенбі және жексенбі күндері өтетін жәрмеңкеде, облыстың аудандары мен қалаларында сатылуда. Бұл туралы zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрғындарды әлеуметтік тауармен қамту және бағаны қолдан көтеру сынды жайттарды жою мақсатында құрылған тұрақтандыру қоры арнайы құрылған комиссияның шешімі бойынша тауарлардың келесі бағада беріліп жатқандығын хабарлайды. Атап айтқанда, картоп пен сәбіз 30-35 кг. дейін 1 келісін 65 теңгеден, ал құмшекердің келісі – 220, күнбағыс майы 1 литрі - 350, 5 литрі - 1750 теңгеге саудаланып отыр.

Әсіресе, зейнеткерлер әлеуметтік тауардың сапасы мен қалта көтерерлік бағасына дән риза.

Айта кетейік, Шымкентте сенбі күні жәрмеңке Мәделі Қожа көшесіндегі «Қажымұқан» стадионында ал, жексенбі күні Арғынбеков көшесі, «Рахима Плаза» ойын-сауық кешенінде өтеді. Сонымен қатар, сатып алуға өтінімдер беру үшін байланыс телефондары да жұмыс жасайды.

Бүгінде қоймалар бірінші қажетті деген өнімдерге лық толы.

Мамандардың айтуынша, қордағы өнімдер, көкөністердің жаңа түсіміне дейін жетеді. Сондықтан да, алдағы күндері азық-түлік бағасының күрт көтерілуіне жол жоқ.

Сату бойынша маман: Р. Есенбаев +7 (7252) 99-70-98, +7 701 505-12-88. Мекен-жайы: Шымкент қ., Қонаев гүлзары №48 («Оңтүстік» бизнес-орталығы), кабинет 15.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: