Лента новостей
0

Семейде екі жылу қазандығы істен шығуы мүмкін

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.11.2016 16:05 Zakon.kz
Келісім шарт бойынша, жұмыстарды 15-қазанда аяқтауы тиіс еді. Алайда қыруар қаржы бөлінсе де, істе татарлық түк тындырмаған.
Бюджеттен ақша бөлінді, бірақ іс біткен жоқ. Таныс жағдай. Алайда дәл осы жолы тұтас қала қақаған қыста жылусыз қалуы мүмкін. Бұл бір дәстүр сияқты. Жыл сайын Семейдің жылу жүйесі жыр болады. Биыл міне тағы да семейліктер екі бірдей жылу қазандығы қашан істеп шығады деген үрейдің құшағында отыр. Апталап беті қайтпаған аяз жағдайды тіптен ушықтарған. Ал биыл жазда «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы ескірген қазандықтарды жөндеуге бөлінген қомақты қаржыны мердігер мекеменің қайда жұмсағаны белгісіз, деп жазады "Қазақстан ҰТА".

Жылу нысанындағы қазандықтардың тозығы жеткеніне талай жыл өткен. Айтса сенгісіз, мұндағы қондырғылар 30 жыл бұрын қолдануға жарамсыз-деп танылыпты. Соған қарамастан тек жұмысшылардың арқасында ғана әлі күнге әрең жұмыс істеп тұр.

Қаладағы екі ауданды жылытатын қазандықтарды жөндеу үшін «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 800 миллион теңге бөлінген. «35 квартал» аталатын жылу нысаны 1971 жылы салыныпты. Жылыту пештері мен құрылғылар мүлдем тозған. Сонда да тұрғындарға жылу беру үшін амалсыздан іске қосылған. 10 миллион теңгеге сатып алынған жаңа қондырғылардың бір бөлігін мердігер мекеме орнатпай тастап кеткен.

Әскери жағдай секілді. Осы жерден еш қайда шықпаймыз. Сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істейміз. Қатты аяз болғандықтан ауысымдағылар, электриктер қайтпай осында түнейміз. Қазір 3 қазандық жұмыс істеп тұр, 1 қазандықты ескі болса да жөндеп жатырмыз, - дейді қазандық басшысы Виталий Иванов.

«Зооветинститут» аталатын жылу нысанында да жағдай қауіпті болып тұр-дейді мамандар. Жазда мұнда 2 жаңа қазандық, сорғылар мен жылу алмастырғыш қондырғылар жаңадан қойылуы тиіс еді. Алайда бұл жоспар жүзеге аспады. Ескіргені қазір көпқабатты үйлерге тиісті жылуды бере алмай отыр.

30-35 градус аязда біз қажетті жылуды өндіре алмаймыз. Қазандық сағатына 19,5 Гигакалория жылу беруі тиіс. Бұл көрсеткіш қазір бізде небәрі 16 болып тұр. Сүзгілер мен желілік сорғыларды айырбастаумыз қажет болатын. Сол баяғы тозығы жеткен құрылғылармен жұмыс істеуге мәжбүрміз, - дейді қазандық басшысы Александр Кусков.

Қос қазандықты жөндеуі тиіс мердігер мекеме – алматылық «Данияр СЕК» компаниясы. Келісім шарт бойынша, жұмыстарды 15-қазанда аяқтауы тиіс еді. Алайда қыруар қаржы бөлінсе де, істе татарлық түк тындырмаған.

Мердігерге сотқа шағым жасалды біздің атымыздан уақытында жұмысын орындамағаны үшін. Қазір сот процесстері жүріп жатыр. Бұл 2 объект бойынша сомасы 800 млн. Ал неосвоенный сома 526 миллион, - дейді «Жылукоммунэнерго» МКМ техникалық директорының орынбасары Аслан Оқасов.

Есеп бойынша осы күнге дейін мемлекеттен берілген 280 миллион теңге игерілген. Бірақ бұл қаржыға атқарылған жұмыс та, қондырғы да жоқ. Енді қақаған аязда ескі қазандықтар істен шықса, шаһардағы мыңдаған тұрғыны бар екі бірдей аудан жылусыз қалуы мүмкін.

Авторы: Ержан Жақып, Серік Нұртаза

Фото: altaynews.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: