Лента новостей
0

Шығармашылық байқау - Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 25.11.2016 16:15 Zakon.kz
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аталмыш байқау қараша айының 22-24 күндері аралығында облысымыздың барлық аудан, қалаларында өткізілді.
«Ұлы дала елі - Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы түрлі этнос жастарының қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында шығарма жазудан байқау өтті. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақастан облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған шараға жоғары және арнаулы оқу орындарынан және мектептерден 60 жас қатысты.

Іс-шараға облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ директоры Е.Байқонақов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Еліміздің Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктеріміз жайлы қалам тербеген жастардың шығармаларын арнайы құрылған қазылар алқасы бағалап, үздік деп танылған сегіз туындыны республикалық байқауға жолданды.

Байқау ережесі бойынша оқушылар «туған жер», «Отан», «Тәуелсіздік» тақырыбында шығарма жазды. Тәуелсіздік тақырыбын барынша кең көлемде қамтып, өз ойын еркін, әрі ашық жеткізген, ең үздік деп табылған шығармаларға орындар беріледі.

Болашақ жастардың қолында. Сондықтан да қазіргі жас буын өз елінің ертеңі туралы, тәуелсіздік туралы өз ойын айтуы ол – жастардың ой-санасының сергектігінің, оянғандығының белгісі. Елін сүйген Елбасының да арманы осы. Ата-бабаларымыздың да тілегі осы – тәуелсіздік еді. Бүгін біз сол арманды, сол асқақ рухымызды жырлауда.

Айта кетеу керек, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аталмыш байқау қараша айының 22-24 күндері аралығында облысымыздың барлық аудан, қалаларында өткізілді.

Фото: ontustik.gov.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: