Ақтөбе облысында жас бизнесмендер қатары көбейіп келеді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.12.2016 22:32 Zakon.kz
Кіші және орта бизнестегі белсенді кәсіпкерлердің санында жылдан жылға жастар көбейіп келе жатыр.
Ақтөбе облысында жалпы ішкі өнімдегі шағын бизнестің үлесі бір жыл ішінде 17-ден 21%-ға өсіп отыр. Бұған жастардың да қосқан өзіндік үлесі бар. Мамандардың айтуынша, жас бизнесмендер қатары көбейген. Бұл мемлекет тарапынан жүйелі қолдау көрсетіліп, жеңілдікпен несие берудің оң нәтижесі. Іскер азаматтар жаңашылдыққа жақын. Олардың бизнестегі белсенділігін арттыру үшін Ақтөбеде жас кәсіпкерлер форумы өтті. Арнайы семинар-кеңес өтті. Оған кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдардың өкілдері қатысып, бизнесті дамыту жолдарын түсіндірді, деп жазады Хабар 24 арнасы.

Анар Даржанова, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:

- Кіші және орта бизнестегі белсенді кәсіпкерлердің санында жылдан жылға жастар көбейіп келе жатыр. Оларға жаңа технологиялар, қандай жаңа трансферт бар, қандай жаңа тәжірибе бар, қандай жаңа бағдарлама бар, міне, осының барлығын біз осы кәсіпкерлерге форумда жеткізіп айтып отырмыз.

Фото: old.tpp-inform.ru
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: