Ақтөбе облысында тұрғындарды бруцеллезге шалдыққан малын тиын-тебенге сатуға мәжбүрлеуде

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2017 17:17 Zakon.kz
Бұл індеттің жыл сайын жайылып, мамандардың дәрі егуге келмегені тұрғындардың ашуын туғызды.
Ал өздігінен бермесе айыппұл арқалап, әкімшілік іс қозғалады. Сондықтан жұрт ұсақ малды бір-екі мың теңгеге өткізуге көнген. Ең сорақысы, бұл ақшаға тек тауық сатып алуға болады. Енді қорасы қаңырап қалған халық қалай күн көрерін білмей сабылып жүр, деп жазады КТК телеарнасы.
Мұғалжар ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғыны Қалдыбек Шыңбаев қаңырап қалған қорасына қарап күрсінеді. Бруцеллез табылған алпыс шақты қойын бір кеште етке өткізуге мәжбүр болыпты. Ал қарсы тұруға шара жоқ. Өйткені әкімдіктегілер үстіңнен іс қозғап, айыппұл төлейсің деп қорқытқан.

Қалдыбек Шыңбаев, Бірлік ауылының тұрғыны:

-Тапсырмайын десең айыппұл саламын деп қорқытады. 45-46 мыңға жуық. Қорыққаннан бәрін тапсырдық.

Бірлік ауылынан ет комбинатына кетуі керек жандық саны мыңнан астам. Әзірге, 400-дей қой-ешкі сойылыпты. Өзге тұрғындар да ауру малды етке өткізуге әзір. Бірақ ондағылардың берген ақшасына күйініп отыр.

Ақылбек Тілешұлы, Бірлік ауылының тұрғыны:

-Қойлар 6 мың дейді. Ешкілер 900 теңге. Шыбыш 500 теңге. Тауықтың, қаздың бір балапаны 900-1000 теңге тұрады. Мынау не масқара? Осы әділеттікке жата ма?

Індет тек ұсақ малдан табылыпты. Ал вакцина саларда төбе көрсетпеген ветеринарлар, енді ауру малды жоқ қылмаса болмайды деп, безек қағуда. Бірақ бағасына келгенде бастарын ала қашады.

Әлім Андағұлов, Құмжарған ауылдық аймағы ветеринарлық бөлімінің меңгерушісі:

- Ет комбинаты бағаны өздері қойып жатыр. Оның адамы бар.

Ашулы тұрғындар өтінішке құлақ аспайды деп ауыл әкіміне өкпелі. Ал ол болса, аурудың қайдан шыққанын анықтаймын деп титықтап жүр екен.

Рамазан Үргенішбаев, Құмжарған ауылдық округінің әкімі:

-Ауылға біреу қошқар алып келді. Содан басталды шамалы. Содан бірте бірте көбейе берді. Көбейе бергеннен кейін шектеу қойдық.

Қазір Мұғалжардан өзге Байғанин ауданында да малдан бруцеллез шығып жатыр. Бұл індеттің жыл сайын жайылып, мамандардың дәрі егуге келмегені тұрғындардың ашуын туғызды. Өйткені, Ақтөбе өңіріндегі қай ауданда болмасын малды егуге мамандар жүрдім-бардым қарайтын көрінеді.

Фото: ATMagro.ru
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: