Лента новостей
0

Солтүстікқазақстандықтар 2016 жылы 270-тен астам қару-жарақ өткізген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.01.2017 15:36 Zakon.kz
Полицейлер қаруды ерікті түрде тапсырғандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге салады.
Өткен 2016 жылы халықтан қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу науқаны аясында солтүстікқазақстандықтар 272 атыс қаруын ерікті түрде өткізді, деп хабарлайды egemen.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Полицияға облыс тұрғындарынан 245 өтінім келіп түскен. Нәтижесінде 12,5 млн теңгеден астам сомаға 272 қару мен 2300 иір ойықты мылтық оғы ерікті түрде тапсырылған. Олардың басым бөлігін тегіс ұңғылы қару құрайды.

«12 ай қорытындысы бойынша, шамамен 8 мыңға жуық қару иелері тексерілді. Қаруды сақтау, алып жүру, тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бойынша 560 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз сақталған 55 дана қару айналымнан шығарылды», – деді СҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Болат Жексембинов.

Айта кетейік, полицейлер қаруды ерікті түрде тапсырғандардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге салады.

Фото: egemen.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: