Лента новостей
0

Жаңа жылдың бірінші күні Астана теміржол вокзалында сәби дүниеге келді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.01.2017 20:55 Zakon.kz
Сапарамыздың алдында өзімді жақсы сезінген едім. Барлығы маған үлкен ілтипатпен қарады.
Жаңа жылдың бірінші күні «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қызметкерлері сәбидің дүниеге келуіне көмектесті. 1 қаңтарда Қостанай-Алматы бағытымен жүріп келе жатқан пойыз Астана станциясында тоқтап тұрған еді. Көп ұзамай теміржол вокзалының медицина бөлімшесіне босанайын деп жатқан келіншек жеткізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Арайлым Асқарбекова күйеуімен және екі жасар баласымен Қостанайдан Тараздағы туысқандарына жол тартып келе жатқан. Пойыздың жолсерігі әйелдің өзін жайсыз сезініп тұрғанын көріп, тез арада пойыз басшысы мен Астана станциясының теміржол вокзал басшысының кезекші көмекшісіне хабарлады.

Пойыз жолсеріктері жедел түрде келіншекті вагоннан зембіл көмегімен теміржол вокзалының медицина бөлімшесінің кезекші медбикесіне жеткізді. Сағат 11 шамасында кішкентай сәби дүниеге келді. Жедел жәрдем бригадасы барлық қажетті медициналық көмек көрсетті. Сәби мен оның анасы аман-есен перинаталды орталыққа жеткізілді, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.

«Сапарамыздың алдында өзімді жақсы сезінген едім. Барлығы маған үлкен ілтипатпен қарады. Пойыз басшысына, медбикеге, жолсеріктерге, жедел жәрдем бригадасына, баламның аман-сау туылуына көмектескен адамдарға алғысым шексіз. Ұлымыздың атын Әбдірахман деп қойдық», - деп Арайлым Асқарбекова қуанышымен бөлісті.

Фото: Letnews.ru

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: