Екібастұздағы дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті
Zakon.kz
Төтенше жағдай жексенбі күні сағат 16:44 уақытында орын алған.
Екібастұз қаласында дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылып, екі адам құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі айтты.
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 77а мекенжайында орналасқан «Пятница» дәмханасында сыйымдылығы 200 мл. газ баллоны жарылды. Салдарынан 1979 жылы туған ер адамның беті мен екі қолы күйді, сондай-ақ 1993 жылы туған жігіттің де бетін күйік шалды. Екеуі де дәмхана қызметкерлері. Төтенше жағдай жексенбі күні сағат 16:44 уақытында орын алған. Оқыс жағдайдың себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді баспасөз қызметкері.
Айта кетейік, зардап шеккен адамдарға медициналық көмек көрсетілді, алайда олар ауруханаға жатудан бас тартты.
Абзал Қабдраш
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript