Екібастұзда ақ жаулықты әжелер жүзуден жарысты
Zakon.kz
Нәзік жандылар жүзу бассейінінде 25-50 метр қашықтықта жарысқан.
Екібастұздың «Жасыбай» спорт кешенінде суға жүзуден әйелдер арасында қала біріншілігі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Екібастұз қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Әдемі Кенжеханның сөзінше, жарысқа 18 жастағы қыздармен бірге 60 жастан асқан әжелер, мүмкіндігі шектеулі спортшылар қатысқан. Олардың арасында Қоянды ауылының әкімі Мәдина Мұхамедзиянова да суда жүзу шеберлігін көрсеткен.
- Жүзушілер жас ерекшеліктеріне байланысты топ-топқа бөлінді. Жарыстың қорытындысы бойынша 20-29 жас аралығындағы қыздар арасында Ульяна Каплич, 30-39 жас аралығында Светлана Задорина, 40-49 жас аралығында Елена Нападовская, 50-59 жас аралығында Роза Касимова бірінші орынды жеңіп алды. 60 жастан жоғары санатта Татьяна Перескокова өз тобында жеңіс тұғырынан көрінсе, мүмкіндігі шектеулі әйелдер арасында Альмира Смағұлованың жылдамдығына жүзу айдынында ешкім жете алмады, - дейді Әдемі Кенжехан.
Айта кетерлігі, қала біріншілігі салауатты өмір салтын ұстанған қарапайым халық арасында ұйымдастырылған. Нәзік жандылар жүзу бассейінінде 25-50 метр қашықтықта жарысқан.
Тілеуберді Сахаба
Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript