Алматы тұрғындары пәтерінде ит асыраушыларға жиі шағымдана бастады
Zakon.kz
Пәтерінде ит асыраушылар мен тұрғындар арасында талай мәрте жанжал да болған.
Алматы тұрғындары пәтерінде ит асыраушыларға жиі шағымдана бастады. Балалардың қауіпсіздігі мен айналаның тазалығына алаңдаған жүздеген тұрғын қалалық әкімдіктен бастап, үкіметке дейін арыз жолдауда. Ал ит иелері айналаға ешқандай қауіп жоқ, әрекетіміз заңды деп ақталады. Бұл туралы 31 телеарна жазды.
БАЛТАБЕК САИТОВ, Алматы тұрғыны:
- Үйдің төңірегі толған иттер. Өте қиын, жүрудің өзі қиын. Үйдегі балалар, немерелер есіктің алдына шыға алмай қалды. Қаптап жүрген иттер.
Алматыдағы Орбита ықшамауданының тұрғындары аулада, көшеде еркін жүріп-тұру мұң болды дейді. Пәтерінде ит асыраушылар мен тұрғындар арасында талай мәрте жанжал да болған. Балалардың ойын алаңын ластап, мектеп маңына үй жануарын серуендетіп шыққандарды наразы жұрт бірнеше рет учаскелік полицейге де ұстап берген.
БАҚТОЛЛА ТЕМІРЖАНОВ, Алматы тұрғыны:
- Балаларды ойната алмайсың, барлық жерде иттің қиы. Сосын ұп-ұзын етіп поводокты жібереді. Екі-үш ит жүреді, бір адам 2-3 итпен жүреді. Ол деген масқара емес пе? Сонда біз қай жермен жүруіміз керек?
Әсіресе, иттер жолдың бойын да, есік алдын да ластап кетеді деген мешіт жамағаты да ашулы. Үй жануарының иелеріне сан мәрте ескерту жасалса да еш құлақ асар емес дейді. Халық көп шоғырланған дәл мешіт маңында тұмылдырықсыз итін қыдыртқан бойжеткен сауалымызға селсоқ жауап берді.
- Почему без намордника?
- Это добрая порода, не бойцовская.
ЖАРАС НИЯЗБЕК, Тілші:
- Алматыдағы Орбита ықшамауданының тұрғындары үшін ертелі-кеш серуендеп демалатын сүйікті орындардың бірі - Үлкен Алматы өзенінің бойы. Алайда мұнда да ит жетектеп, ит қыдыртатындардың қарасы көп. Ит асырап, үйінде ит бағатындардың әрекетінен мезі болған тұрғындар заң орындары мен бірнеше мемлекеттік мекемелерге шағым түсірген. Арызға 200-ден астам тұрғын қол қойыпты.
Өзен бойында иесіз иттер де, қожайынымен жүрген үй жануарлары да кездесті. Ит жетектегендер санитарлық кітапша бар ма немесе тұмылдырығы қайда деген сұрақтарға өте дөрекі әрі қысқа жауап қайырады.
- Я тебе говорю, по статусу ей не положено намордник.
ҚАЙРАТ НИЯТОВ, Алматы тұрғыны:
- Подъезге кіре алмаймыз, балаларымыз дворда ойнай алмайды. Көшеге, тіпті, магазинге нанға жібере алмаймыз. "Папа, мама, мы боимся, тут собака, там собака" дейді. Сөздің қысқасы, халық әбден шаршады.
Көктем туып, күн жылынса иттерде түрлі аурулар пайда болады деген наразы топтың қауіпі тіпті күшейген. Бес мың адамнан аса тұрғыны бар бір ғана ықшамауданның басым бөлігі ит бағушыларға қарсы екенін білдірген. Тұрғындардың басты талабы көп қабатты үйлерде ит асырауға мүлдем тыйым салу немесе пәтерде иті барларға салық салу.
Фото: forum.ua-vet.com
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript