ОҚО-да «бізбен бірге өмір сыйла!» акциясы өтті
Zakon.kz
Қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлап, оларға қолдау көрсеткен ерікті донорлар осы күні жүз литрге жуық қан тапсырды.
Шымкенттегі облыстық қан орталығында «Бізбен бірге өмір сыйла!» акциясы өтті. Аталмыш шараны облыстық жастар ресурстық орталығының жаныннан құрылған «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне даярланған ерікті жастар ұйымдастырды. Бұл туралы zakon.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Оған 200-ден аса студент пен зиялы қауым өкілдері, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және еріктілер мектебінің мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
Қатерлі дертке шалдыққан жандарға үміт сыйлап, оларға қолдау көрсеткен ерікті донорлар осы күні жүз литрге жуық қан тапсырды.
ДОНОР болып саналатын жалғыз ғана қан көзі - ол дені сау адам. Яғни, кәмелет жасқа толған, денсаулығы дұрыс, қайырымды, ең бастысы, адам өмірін сақтап қалуға көмегін беруге дайын кез келген азамат донор ретінде қан тапсыра алады. Қазіргі жаңа қоғамда, адам өміріне қан құю әр үшінші адамға қажет.
Фото: ontustik.gov.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript