Алматы облысында бүтіндей бір ауылдың малы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 18.04.2017 15:48 Zakon.kz
Қорадағы ірі қара малдың аузынан көбік ағып, түсініксіз дертке шалдығыпты.
Алматы облысында бүтіндей бір ауылдың малы жаппай ауруға шалдығып жатыр. Арам өлген малдың саны қазірдің өзінде онға жуықтап қалды. Бірақ себебін ешкім білмейді. Ірі қараға жабысқан дерттің аты белгісіз әлі. Ауыл жұртты болса, адамға жұға ма деп қауіптеніп отыр, деп хабарлайды 31 телеарна.
4 күннің ішінде 15 мың теңге кетті. Ал қалған қаражатты қайдан табамыз. Ведтехниктар бүгін ғана келді. Өздері мынаны көріп, жиіркеніп, кетіп қалды. Тіпті болмаса мына малды өлтіріп, көміңіздер.
Ескелді ауданына қарасты Өрқусақ ауылының тұрғындарынан маза қашқан. Өйткені қорадағы ірі қара малдың аузынан көбік ағып, түсініксіз дертке шалдығыпты. Тіпті бірнеше мал орнынан тұра алмай, өліп қалғаны құпия індеттің қауіпті екенін білдіруі мүмкін деп халық үрейлі.
БАҚЫТГҮЛ ҚОНДЫБАЕВА, Өрқусақ ауылының тұрғыны:

- Ауырған кезде сілейіп тұрып қалады. Одан аузынан болар - болмас сілекей ағады. Тілдің қабықтары түсіп қалды. Таңдайы ол түсіп жатыр. Шынымды айтсам мен қорқамын. Мынау жұқпалы ауру болады ма деп.
Сәтай Жаңылсынның осымен екінші малы өліпті. Малына індет болып келген дерт «Аусыл» болуы мүмкін деп жобалайды өзі. Бұл пікірмен жүзден астам малы қорада ауырып жатқан өзге де ауыл тұрғындары келіседі.
БЕКТАС МАЛШЫБАЕВ, Өрқусақ ауылының тұрғыны:

- Мен ауырып тұр дедім ғой. Келіңдер бірдеңе жасаңдар дедім ғой. Ой мен не істеймін дідің. Стоматит дейсіңдер, какой там стоматит там это признаки ящур между прочим. Ешкім қан да алған жоқ. Ешқандай вакцина жасалған жоқ биыл.
Өрқусақтықтар жиырма күннен бері құпия жағдайда қырылып жатқан малдарын аман алып қалуға барымызды салып жатырмыз дейді. Алайда шағын ғана ауылға келген дерттің неден шыққанын мамандар әлі анықтай алмай жатыр екен.
НҰРЛАН БЕКЕТАЕВ, Ескелді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы:

- Кезектен тыс сияқты ауру келіп тұр. Бұны енді анықтап жатырмыз. Биопроба дейді ғой, зетханаға жеткізіп, анықталып жатыр.
САМАЛ ҚАБЫШЕВА, Тілші:

- Малмен жан баққан ауыл халқы қазір шарасыз күйде отыр. Малдарын дәл осылай қорада ұстауға мәжбүр. Ал оған беретін жем-шөп те таусылған. Белгісіз індет жұқтырған малдарға ертең өтемақы төленеді ме, ол жағы белгісіз.
Самал Қабышева, Мұхит Шерияздан

Фото: BNews.kz

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: