Ақмола облысында үсіп кеткен ер адамның мүрдесі табылды
Zakon.kz
Қазіргі кезде ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Ақмола облысында үсіп кеткен 36 жастағы ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметі бойынша, 1981 жылғы ер адамның денесі ағымдағы жылдың 28 наурызында Аршалы ауданының Жалтыркөл аулының маңынан табылған.
«Қазіргі кезде ер адамның мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Алдын ала мағлұмат бойынша, ер адам үсіп өлуі мүмкін. Өйткені, оның денесінен күш қолданудың белгілері байқалмады. Қазір аталған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізілуде», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Фото: www.inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript