Астанадағы супермаркеттердің біріне бомба “қойған” тұрғын сотталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2017 23:55 Zakon.kz
Соттың берген мәліметінше, оқиға 2016 жылы 12 желтоқсанда болған.
Астанадағы супермаркеттердің бірінде жарылғыш зат бар деп жалған хабар берген елорда тұрғыны бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады stan.kz.

Соттың берген мәліметінше, оқиға 2016 жылы 12 желтоқсанда болған. С. есімді азамат мас үкйінде полицияға хабарласып, SMALL супермаркетінде жарылыс болатыны туралы айтқан.

Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының үкімімен С. есімді азамат ҚР ҚК 273-бабы бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған рақымшылық заңына сәйкес жаза мерзімі бір жыл алты айға дейін қысқартылды. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Фото: stan.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: