Қарағандыда суға ағып кеткен екі жігіт іздестіріліп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.04.2017 16:13 Zakon.kz
Оқиға Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров атындағы ауылдан 500 метрдей қашықтықта орын алған.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Нүркен Әбдіров ауылында ағалы-інілі жігіттер Қопа өзеніне ағып кеткен. Қазіргі уақытта оқиға орнында іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Baq.kz.

2 сәуір күні атпен мал іздеуге шыққан ағалы-інілі екі жігіт үйлеріне қайта оралмаған. Ауылдастары тек аттардың қайтып келгенін көрген. Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша 112 ге қоңырау 2 сәуір күні шамамен 19.00 де түскен. Оқиға орнынан бірден құтқарушылар мен арнайы техника жіберілген.

«Оқиға Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров атындағы ауылдан 500 метрдей қашықтықта орын алған. Аталған оқиғаны төтенше жағдай деп айтуға болмайды, себебі ауылдың өзінде қазіргі уақытта су жоқ. Ал, көктемде қардың еруі мен тасқын уақытында өзеннен өтудің қауіпті екендігі белгілі. Суға кеткен жігіттер өзеннің арғы бетіне көпірмен өтіп, қайтарда жолды қысқартпақ болып өзеннің ағынын кесіп өткен. Бұл төтенше жағдайлар қызметінің ескертулерін тыңдамау болып табылады», - деді облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Қуаныш Муталлапов.

Белгілі болғаны іздестіріліп жатқан екі жігіт 1978 және 1980 жылы туған. Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің алты адамы, екі техника мен қайық жұмыс істеуде. Әзірге іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже берген жоқ. Құтқарушыларға ауыл адамдары да көмектесуде, олар өзеннің жағасын тексеріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандының осы Қарқаралы ауданында 31 наурыз күні ішінде 9 адам болған «УАЗ» автокөлігі суға құлап, салдарынан үш адам қайтыс болған.

Жібек Мұқашева

Фото: 24.kz


Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: