Астана-Қарағанды тас жолында он көлік соқтығысып қалды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.02.2017 17:28 Zakon.kz
Алдын ала дерек бойынша, апат ауа райының қолайсыздығы салдарынан орын алған.
Астана-Қарағанды тас жолында он көлік соқтығысып, үш адам зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, апат Осакаров ауданындағы жол учаскесінде болған. «26 ақпанда сағат 16.55-те Осакаровка кентіне сегіз шақырым жетпей, он көлік - үш жүк және жеті жеңіл көлік соқтығысты», - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінде.

Алдын ала дерек бойынша, апат ауа райының қолайсыздығы салдарынан орын алған. «Тойота Марк II» көлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, үш жүк машинасымен соқтығысқан. «Тойтота» жүргізушісі мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. Апат фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізілуде.

Фото: inform.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: