Зейнетке шыққан павлодарлық полицей кесте тігумен айналысады
Zakon.kz
Ісмердің қолынан шыққан 100-ге тарта туынды өңірде ұйымдастырылатын барлық көрмелерге қойылады.
Павлодар облысының Железинка ауданының тұрғыны Олег Калюжный кесте тігеді. Ішкі істер саласында қызмет еткен полиция майоры қолөнермен 1983 жылдан бері айналысып келеді, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Ісмердің қолынан шыққан 100-ге тарта туынды өңірде ұйымдастырылатын барлық көрмелерге қойылады. Ол кенеп матаға инемен ертегі және мультфильм кейіпкерлерін тігеді. Жас отау иелеріне арналған қос аққуға ауылдастары тарапынан сұраныс та көп. Тапсырыс бойынша Абай Құнанбаевтың портретін 4 мәрте жасапты. «Бұл өнермен сатып пайда табу үшін емес, адамдарға қуаныш сыйлау үшін айналысамын», - дейді өзі. Келешекте ол сүйікті кәсібінің басқа қырларына да мән беріп көрмек.
Олег Калюжный, қолөнер шебері:
- Мен жуырда балаларға арнап жылқының суретін тіктім. Өзіме қатты ұнады. Енді сәйгүліктің суретін кестеге түсірсем деймін. Қара-ақ түспен портреттер жасап көруді жоспарлап отырмын.
Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript