Диқандарға 375 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі
Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынының 1 тоннасы мұнай базаларынан 127 мың теңгеден босатылады.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көктемгі егістік жұмыстарын жүргізу үшін 375 мың тонна арзандатылған дизель отыны жеткізіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ағымдағы жылы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, өңірлерге дизель отынын жеткізу кестесін бекіттік. Оның көлемі 375 мың тонна көлемінде белгіленіп отыр. Заңмен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қажет дизель отынын тиеп, жөнелту басымдық ретінде қарастырылған», - деді Әсет Мағауов.
Вице-министрдің атап өтуінше, заңнамамен дизель отынының бағасын төмендету қарастырылмаған. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге дизель отынының 1 тоннасы мұнай базаларынан 127 мың теңгеден босатылады. Дегенмен, тасымалдау және сақтау шығындарын қоса алғанда ол өңірлерге литріне 117-127 теңгеден жеткізілетін болады. Ал жанармай құю стансаларындағы дизель отынының 1 литрінің бағасы 131 теңгені құрайды.
«Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жеткізілетін дизель отынының 79 мың тоннасын Атырау мұнай өңдеу зауыты, 233 мың тоннасын Павлодар мұнай-химия зауыты және 63 мың тоннасын Шымкент мұнай зауыты бөледі», - деді ол
Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript