Ақтөбеде төрт жасөспірім ересектерден зәбір көрді
Zakon.kz
Соңғы жылдары Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысы еселенді.
Жыл басынан бері төрт жасөспірім ересек адамдардан зәбір көрді. Бір жағдайда өгей әке 10 жастағы қызына азғындық жасаған. Бұл туралы бүгін прокурор, полиция, білім саласының басшылары мен мамандар қатысқан жиында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Соңғы жылдары Ақтөбеде жасөспірімдер қылмысы еселенді. Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанат Әлиевтің айтуынша, өткен жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс үш есеге артқан. Мәселен, облыс орталығында 31 қылмыс тіркеліп, 13 мектеп оқушысы жазаланған. Ұрлық, тонау, алаяқтық, төбелеске қатысты дерек бойынша колледждердің 27 оқушысы тіркеуге алынды. Жиын кезінде облыстық прокуратураның 1 басқарма бастығы Қанат Нахымбеков Ювеналды полиция қызметінің екі ірі қателігін тізбектеді. Біріншіден, штат жетіспейді. Ішкі істер министрлігі бір инспектор 500 балаға жауапты деп бекіткен. Ал Ақтөбеде бар болғаны 128 мектеп инспекторы еңбек етеді. Әлі 92 адам қажет.
«Инспекторлар қоғамдық жұмыстарға қатыстырылып, уақыт жоғалтады. Мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың алдын-алумен айналысуы тиіс инспекторлар ересектің мардымсыз заң бұзушылық деректерін тіркеп, әкімшілік жауапкершілікке тартып жүр. Кейбір алдын-алу жұмыстары қағаз жүзінде өтеді. Ақтөбе қаласы мен Темір, Мәртөк, Шалқар, Қарғалы аудандарының инспекторлары қылмыс жасаған 5 жасөспірімді тіркеуге алмаған. 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалары бар жайсыз 18 отбасын бақылау жұмысы жүргізілмеген. Осының бәрі қылмыстық құқық бұзушылықтың 3 пайызға артуына себеп болды»,- деді Қ. Нахымбеков. Оның айтуынша, өңірде жасөспірімдерге азғындық жасау дерегі азаймай тұр. Мәселен, биыл жыл басынан бері төрт жасөспірім ересектердің азғындығына душар болған. «Алға ауданында анасымен бірге тұратын ер адамның 10 жастағы қызға азғындық жасағаны анықталды. Бұл туралы оқушы қыздың туысы хабарлаған. Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу басталды. Алдын-алу жұмыстары дұрыс жүргізілсе, учаскелік инспекторлар, мектеп әкімшілігі мен психологтар мұндай оқиғаны күні бұрын біліп отырар еді. Жасөспірімге ата-аналар да жауапты»,- деді прокурор.
Айта кетейік, жиын кезінде облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова тәртібі нашар балалардың мінезін түзету үшін қоғам қайраткерлері мен атақты спортшы, өнер адамдарының көмегіне жүгіну нәтиже берді деп отыр. Олар балалардың ата-аналарына қарағанда оқушыларға жақсы көңіл бөліп, белгілі бір уақытын арнайды екен.
Фото: www.inform.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript