Қарағандыда 30 адам әлі күнге кеңестік құжатпен жүр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 06.04.2017 22:40 Zakon.kz
Прокуратура қызметкерлері 1974 жылы берілген төлқұжаттың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Қарағандының Бұқар жырау ауданына қарасты шалғайда орналасқан ауылдардың 30 тұрғыны 1974 жылы берілген кеңестік төлқұжатпен жүрген. Бұл жайында Baq.kz хабарлайды.

Қарағанды облыстық прокуратурасының қызметкерлері «Тұрғындар сенімі» жобасының аясында Бұқар жырау ауданының 5 ауылының тұрғындарының құжаттарын тексеріп, 30 адамның әлі күнге кеңес заманының төлқұжаттарымен жүргені анықталған.

«Тұрғындар сенімі» жобасы бойынша тұрғындарды құжаттандыру шаралары аясында прокуратура қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Аталған шара аясында Бұқар Жырау ауданының бес ауылында КСРО заманынан қалған төлқұжаттар тіркелді. Жобаның мақсаты қазақстандық жеке куәлігі жоқ адамдары тауып, олардың құжаттарын реттеу болатын», - дейді Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз хатшысы Нұрлан Абжанов.

Прокуратура қызметкерлері 1974 жылы берілген төлқұжаттың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Екі адамнан жеке куәлік рәсімдеуге қажетті құжаттар бірден қабылданған. Қалған тұрғындарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін қалай рәсімдеу керектігі түсіндіріліп, ол үшін қажетті құжаттардың тізімі мен өтініштердің үлгісі берілді.

Аталған жоба аясында облыстың басқа да аймақтарында осындай жұмыстар жүргізілетін болады дейді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жібек Мұқашева

Фото: Abai.kz

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: