Қарағанды облысының Топар елді мекенінде экзотикалық өсімдіктер өсіріледі
Zakon.kz
Соңғы үш жылдағы жаңғыртудан кейін өнім көлемі 10 есеге артқан.
Қарағанды облысының Топар елді мекенінде орналасқан жылыжай кешені көкөніспен қатар, экзотикалық өсімдіктерді де өсіріп жатыр. Бұрын тек мұхит асып келетін таңсық жемістер қазір күнделікті дастарқанда тұр, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Соңғы үш жылдағы жаңғыртудан кейін өнім көлемі 10 есеге артқан. Бұл еліміздегі ең ірі жылыжайлардың бірі. Аумағы 20 гектарды алып жатқан алып кешенде лимон, апельсин мен мандарин, папайя мен грейпфрут ағаштары жайқалып тұр. Жылыжай мамандары экзотикалық өсімдіктерді жерсіндіру үшін 20 жыл еңбектенген. Ал алғашқы өнім тек 5 жылдан кейін ғана қолға тиеді. Оның өзінде 3-4 келіге жуық. Бағбандар өнімнің сапасына кепілдік береді. Себебі мұнда химикат мүлдем қолданылмайды. «Биозертханада санитар-жәндіктердің бірнеше түрі өсіріледі. Олар өсімдіктерді зиянкестерден қорғап, мол өнім беруіне көмектеседі екен. Бұл экономикалық тұрғыдан да аса тиімді», - дейді мамандар.
Артем Мормышев, жылыжай кешенінің директоры:
- Осы тыңайтқыштың көмегімен біз өткен наурыз айында 425 тонна өнім жинадық. Егер жылыжайдың аумағы бар болғаны 8 гектар ғана екенін ескерсек, бұл рекордтық көрсеткіш.
Үш жылдың ішінде мұндағы қондырғылардың барлығы жаңартылып, бағбандар заманауи технологияларды игерген. Жылыжайдағы климатты бақылау, жемістерді суару және жарық беру жұмыстарын компьютер атқарады. Соның нәтижесінде жылыжайдан қыс бойы өнім үзілген жоқ.
Лилия Коваленко, цитрус өсімдіктері кешенінің басшысы:
- Мына ағаштар аса үлкен күтімді қажет етеді. Артық бұтақтарын қиып отыру керек. Әйтпесе жеміс бермейді.
Қазір Топар жылыжайында өскен жемістер еліміздің сауда нүктелерінде сатылады. Ал өткен жылдан бастап Ресейдің нарығына шықты. Қазір Польшаның және Израильдың екі бірдей ірі компаниясы елімізде бірлескен жобаны жүзеге асыруға уағдаласып жатыр.
Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков, Әсет Асайынов
Фото: 24.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript