Астанада жеке клиникада ем қабылдаған бір жасар сәби қайтыс болды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.04.2017 16:50 Zakon.kz
Департаментке «Б» жеке клиникасын медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы сұрақпен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Астанада жеке клиникада ем қабылдаған бір жасар сәби қайтыс болды. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Астана қаласы Есіл ауданының Ішкі істер басқармасына қытай медицинасын насихаттайтын жеке клиникада ем алған кәмелетке толмаған 2016 жылы туған баланың Астана қаласы әкімшілігінің МҚКК «Қалалық жұқпалы ауруларға арналған балалар ауруханасында» «Бауыр циррозы» диагнозынан қайтыс болғандығы туралы хабарлама түсті. Осы фактіні тексеру барысында, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы медициналық көмек алуға қытай медицинасын насихаттайтын халық емшілеріне, яғни жеке клиникаға бала организіміндегі лейкоциттерді төмендетуге келіп, сол жерде бала 5 күн тамырға инфузия алған, үйінде қытай өнімінен биологиялық активті қоспаларды күніне 2 рет қабылдағаны анықталды», - деді прокуратураның баспасөз қызметі.

Осыған орай, аудан прокуратурасы Астана қаласы Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылайтын Департаментпен бірлесе отырып, тексеріс жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша Департаментке «Б» жеке клиникасын медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы сұрақпен прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Өз кезегінде, Департаментпен Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сол жеке клиниканы медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айыру туралы әкімшілік іс жолдады.

«Соттың қаулысымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР-ның кодексі (ары қарай-Кодекс) 426 бабының 1 бөлігімен 294 970 (130 АЕК) тенге айыппұл мөлшерінде мемлекеттің кірісіне төлеу және де осы кодекстің 463 бабы 1 бөлігімен 56 725 тенге (25 АЕК) айыппұл мөлшерінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау затын тәркілеуінсіз әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Фото: Baq.kz
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: