ОҚО-да 46 мыңнан астам азамат уақытша тіркелген

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 13.04.2017 18:33 Zakon.kz
Жыл басына бері Оңтүстік Қазақстанға алыс және жақын өзге мемлекеттен 79 136 шетелдік азамат келіп, уақытша тіркелген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте ОҚО ІІД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрдаулет Төлегенұлы мәлім етті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыс көлемінде жалпы 64 606 азаматқа жеке куәлік пен төлқұжат алуға бір нысанды арыздар рәсімделген. Оның ішінде 22 077 төлқұжат пен 41 829 жеке куәлік дайындалды. Сонымен қатар, облыс бойынша өткен мерзімде жалпы 75 027 тұлға тұрақты, ал 46 451 адам уақытша тіркелген.

«Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау жұмыстары бойынша осы жылдың 3 айында облыс бойынша жат жерлерден ата мекендеріне қоныс аударуға бел буған 605 оралман тұрақты тіркелді. Сонымен қатар, облыстың ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы 875 адам арызданды. Қазақстан Республикасының азаматтығына 1076 тұлға ОҚО ІІД КҚПБ тарапынан жеңілдетілген тәртіппен қабылданды. Ал 301 тұлғаның азаматтыққа қатыстылығын анықтау бойынша өтініштері қаралып, қанағаттандырылды»,-деді басқарма бастығы.
Жыл басына бері Оңтүстік Қазақстанға алыс және жақын өзге мемлекеттен 79 136 шетелдік азамат келіп, уақытша тіркелген. Мұның ішінде басым бөлігі туристер болса, бірқатары инвестиция салып, кәсіпорын ашуға ниетті азаматтар.

Ал, 4492 шетелдік азамат жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыс істеуге рұқсат ресімдеу бойынша облыстың көші-қон қызметі бөліністеріне өтініш білдірген.

Қала аудандық ішкі істер және мемлекеттік кіріс органдарымен салыстыру жұмыстары нәтижесінде алынған мәліметке сәйкес, еңбекші көшіп-келушілерден жеке кіріс салығы бойынша бюджетке түскен қаржы 34 млн. 553 мың 87 теңгені құраған.
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: