Еліміздегі 57 мектепте Таиландтың білім беру бағдарламасы пайдаланылмақ

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 14.04.2017 20:11 Zakon.kz
Мамандардың сөзінше, негізінен біздің оқыту бағдарламамыз Таиланд елінікімен ұқсас көрінеді.
Жыл аяғына дейін еліміздегі 57 мектеп жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде оқыту процесін бастамақ. Қазіргі кезде осы ұстаным бойынша Қазақстанда 24 мектеп пилоттық режимде жұмыс істейді.
оқушы-қыз. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды, деп жазады stan.kz.

Жаңа оқыту әдісінде халықаралық тәжірибе де ескерілген. Соның ішінде Таиланд елінің білім беру бағдарламасы пайдаланылмақ. Еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындары, колледж, мектеп және балабақша оқытушылары мен басшыларына өзінің тәжірибесімен бөлісу үшін доктор Арт Онг Джумсаи келді. Ол жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген әлемге әйгілі мектепті құрушы.

«Қазақстан және әлемнің өзге мемлекеттерінде балалар білімді болуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасайды. Біліммен қатар, жасөсіпірімдерде адами қасиеттерді бойына сіңдіруге тырысуымыз керек. Бүгінгі балаларды мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу жолдарына айтамын», – деді педагог Арт Онг Джумсай (Таиланд).

Мамандардың сөзінше, негізінен біздің оқыту бағдарламамыз Таиланд елінікімен ұқсас көрінеді. Бұл мемлекетте қазір енгізілген жаңашылдықтар бізде де қолданыста бар. Атап өтерлігі, бұл шара «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған. Бұған дейін мұндай кездесу Астана қаласында өткізіліпті. Алматыдағы семинар 13 сәуірге дейін жалғасады.

«Семинарда қозғалынатын тақырыптар жалпы адамзаттық құндылықтарды білім беру үдерісіне интеграциялау модельдерін қарасытарады. Содан кейін Джумсаи мырза Таиландтағы жалпыадазаттық құндылықтар мектебінде болып жатқан іс-шаралармен бізді таныстырады», – деді «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы директорының орынбасары Луиза Жұбатова.

Фото: stan.kz
zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: