Шымкент-Леңгір тасжолында үш адам ажал құшты

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.04.2017 20:37 Zakon.kz
Қазір оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оңтүстік Қазақстан облысында екі жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Жол апаты Шымкент-Леңгір тасжолында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатына Төлеби ауданының 22 жастағы тұрғыны себепкер болған. Ол «Опель-Вектра» көлігімен келе жатып, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп «Вольво» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Салдарынан бірінші көліктегі 1956, 1958 және 1995 жылы туған жолаушылар көз жұмды. Көліктің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қазір оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ішкі істер департаменті «Опель-Вектра» көлігінің жүргізушісі жатқан ауруханаға күзет қойып, жол апатының себеп-салдарын анықтауға кірісті.

Фото: inform.kz
Поделитесь новостью
Поделитесь новостью:
zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: