Әлия емес - Ілия, Молдағұлова емес - Сарқұлова

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2017 17:59 Zakon.kz
Әлияның әкесі Нұрмұханбет Сталин өлген соң түрмеден босап шығып қызын іздейді.
Әлия Молдағұлованың нағыз әкесі Нұрмұханбет Сарқұлов дейтін адам екен. Анасының аты – Маржан. Анасы ашаршылық жылдары орыс поселкелерінің жанындағы егістіктен қалған-құтқан картоп қалдығын жинастырып жүргенде атқа мінерлер далада сұраусыз атып тастаған. Атқан адамдардан әйелінің өшін алған соң Нұрмұханбет кішкентай Ілиясын (Әлияның шын аты) қойнына тығып алып, қашып Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Алтықарасу ауылына келіпті, деп жазады kazakh-tv.kz.

Артынан қуғыншы келіп ұстайды. Ақтөбе түрмесіне апарып қамайды. Осылай сотталып кете береді. Алты жасар Ілия жамағайын туысы Әбубәкір Молдағұловтың отбасын паналайды. Осылай «Әлия Молдағұлова» атаныпты.

Әлияның әкесі Нұрмұханбет Сталин өлген соң түрмеден босап шығып қызын іздейді. Әлияның қазасын естігенде әкесі төсек тартып жатып қалды.

Тек 1953 жылы алтын жалатылып жазылған граммотасы келгенде, Нұрмұханбет қайтадан жасарып, «шаңырағым құлады деген ем, менің өлгенім тірілді, шаңырағым қайта тұрды» деп Аллаға разы болып кетіпті.

Нұрлан Қазиұлы

Фото: kazakh-tv.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: