Павлодарда аяқ киім дүкені өртеніп, 27 адам құтқарылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 04.05.2017 23:43 Zakon.kz
Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттен екі звено жұмылдырылды.
Павлодарда Қамзин көшесі, 160 мекенжайы бойындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан аяқ киім дүкенінен өрт шыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, сауда нүктесіндегі әйелдер сөмкелері мен аяқ киімдер тұрған сөрелер жанып, қызыл жалын үш шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт шыққаны туралы хабарлама кеше сағат 19.44-те кезекшілік бөліміне түскен. Сағат 20.44-те толығымен сөндірілген.

- Оқиға орнынан 27 адам сыртқа шығарылды. Оның сегізі – балалар. Дүкен "Разгон" жеке кәсіпкерлігіне тиесілі. Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттен екі звено жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу салдары мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді баспасөз қызметінде.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Рavlodarnews.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: