6 жастағы Даниал Айдаров әлем чемпионы атанды
Zakon.kz
22 келі салмақ дәрежесінде қарсы келгеннің бәрін шаң қаптырған ол жеңістің биік тұғырынан көрінді.
Біріккен Араб Әмірліктерінен жақсы жаңалық жетті. Ел астанасы Абу-Даби қаласында джиуджитсудан балалар арасында өткен Әлем чемпионатында Даниал Айдаров жеңімпаз атанды, деп жазады Замана газеті.
22 келі салмақ дәрежесінде қарсы келгеннің бәрін шаң қаптырған ол жеңістің биік тұғырынан көрінді.
Даниал – Созақтың тумасы. Бүгінде әкесі Бибол Әшірбеков қызмет бабымен Астана қаласында тұрады. Даниал күнделікті жаттығуын да осы қаладағы «Ронни» жекпе-жек клубында жасайды.
«Даниал спортқа бейім. Жаттығуларына барып, қадағалап тұрамын, бар ынтасымен жасайды. Сосын төрттағанда мықты. Жастығына қарамай, қарсыластарына ауырту тәсілін сауатты қолдана біледі» – дейді немересінің жеңісті жолы туралы оның атасы Айдар Әшірбеков.
Жекпе-жек спортының төресі – джиу-джитсудан 6 жасында Әлем чемпионы болған Даниал Айдаровтың жеңісті жолының көп болатынына сенеміз. Оған қазақтың даңқты спортшыларының жолын берсін!
Е.Райымқұлов
Фото: Замана газеті
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript