Алматы облысының Райымбек ауданында көзі тірі екі-ақ ардагер қалған

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 10.05.2017 22:04 Zakon.kz
23 ауылдық округі бар үлкен ауданда көзі тірі екі-ақ ардагер қалған.
Алматы облысының Райымбек ауданында сұрапыл соғысқа қатысып, қан майданның бел ортасында болған екі қарт майдангердің біреуі 97 жасқа, екіншісі 100-ге толған, деп жазады Қазақстан ҰТА.

23 ауылдық округі бар үлкен ауданда көзі тірі екі-ақ ардагер қалған. 97 жастағы ардагер Тұрған Уласанов Қытай шекарасының дәл іргесіндегі Сүмбе елді мекенінде тұрады. Ақсақал 72 жыл бұрын аяқталған сұрапыл соғысты әлі де жадынан шығармапты.

Ал, «Жамбыл» ауылында тұратын ғасыр көрген Нұрғали ата әлі де тың. Тіпті газетті де көзілдірік тақпай еркін оқиды. «Жақсы денсаулық еңбек пен қымыздың арқасы», - дейді өзі. 25 немере, 45 шөбере сүйген Нұрғали Жансерікұлы кенжесінің қолында екен.

Мирас Мұқаш

Фото: kaztrk.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: