Түркістанда 20 шақты пәтерді тонаған ұры ұсталды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 11.05.2017 23:05 Zakon.kz
Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеден асып отыр.
Түркістан қалалық ІІБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында пәтер ұрлықтарына қатысы бар деген күдікпен Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда сезіктінің соңғы екі айдағы 20-ға жуық пәтер ұрлығына қатыстылығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Тергеу барысында анықтағандай, ұры жергілікті тұрғындардың үйіне пластикалық терезелерін бұзу арқылы кіріп жүрген. Сөйтіп, ақша, алтын бұйымдар мен бағалы заттарды қолды етіп отырған. Ұрланған заттарды сатып, ақшасын өз қажетіне жұмсаған.

Қазірдің өзінде жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 2,5 миллион теңгеден асып отыр. Полицейлер күдіктіден тәркіленген айғақ заттардың бір бөлігін заңды иелеріне қайтарды.

Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-ның сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, ҚР ҚК-нің188-бабымен «Ұрлық» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: