Лента новостей
0

Қарағандыда өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Zakon.kz Zakon.kz
Өрт шыққан пәтерде ешкім болмаған.
Бүгін Қарағандыда шыққан өрттің салдарынан үш адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Тілсіз жау түнгі сағат 1:15-те көпқабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерден шыққан. Өрт аумағы 25 шаршы метрді шарпыды», - деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт шыққан пәтерде ешкім болмаған. Алайда, көрші пәтердегі үш адам ыс тиіп көз жұмған.

Тағы екі адам - әйел адам мен 13 жасар бала ауруханаға жеткізілді. ТЖ департаменті өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмысының қызметкерлері 19 адамды эвакуациялап, 16 адамды құтқарды, соның алтауы - балалар. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Фото: inform.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления