Оңтүстікқазақстандық жауынгердің жерленген жері 74 жылдан кейін табылды

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 17.05.2017 17:34 Zakon.kz
Псков облысының Бауырластар зиратынан әкелінген бір уыс топырақ туған жеріне қойылды.
Майданда қаза тапқан оңтүсікқазақстандық жауынгердің жерленген жері 74 жылдан кейін табылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан қайтпай қалған Маңқара Жұмабековтың зиратының топырағы туған еліне жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

Оңтүстік Қазақстаннан майдан даласына 140 мыңнан астам адам аттанған. Олардың 60 мыңға жуығы туған жеріне оралмады. Соның бірі - Маңқара Жұмабеков болатын. Қатардағы сарбаз 39 жасында майдан даласына аттанып, Мәншүк Мәметовамен бір полкте соғысқан. Қатардағы жауынгер 1943 жылы Ресейдің Псков облысында болған қанды шайқаста ерлікпен қаза тауыпты.

Бірақ, аласапыранда жауынгер Жұмабеков жерленген жер ұмыт қалып, тек биыл ғана белгілі болды.

«Осы ғаламтордың дамуының арқасында таптық. Атамның фамилиясы Жұмабеков қой, алдына «Д» қойылып кеткен екен. Бір шөбере інім Джумабеков деп интернетке кіріп, тапты ғой. Сөйтіп сол жақпен хабарласып едік, расымен де біздің атамыз сол жаққа жерлеген болып шықты. Ол жаққа барып қайттық. Енді нағыз соғыстың қайнаған жері екен. Ресей азаматтары жақсы күтіп алып, бәрін көрсетті», - дейді жауынгердің немересі Хабиболла Жүзбаев.

Псков облысының Бауырластар зиратынан әкелінген бір уыс топырақ туған жеріне қойылды. Ұрпақтары, туыстары ас беріп, рухына құран бағыштады.

Айта кетейік, Маңқара Жұмабеков майдан даласына аттанғанда артында 4 ұлы қалған екен. Үлкені алтыда, ал, кенже ұлы Әлайдар Жұмабеков ана құрсағында болған. Сондықтан ол әке жүзін көрмеген. Десе де әкесінен бір хабарды 74 жыл күтіпті. Сол арада үш бауыры мен анасын жерге тапсырған. Соғыс қасіретін тартқан перзент болып, жалғыз қалса да, әке атының өшпегеніне разы.

«Кішкентай кезімізде 18-19 жасқа келгенше келеді деп күттік қой. 18-19-дан кейін күдер үзе бастадық. Бірақ, іздеуді тоқтатпадық. Арманымның біреуі сол еді. Табылды, шүкіршілік етемін», - дейді Әлайдар Жұмабеков.

Фото: inform.kz
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: